Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желілерде көпшіліктің наразылығын тудырған бейнежазба таралуда. Кадрларда мас күйіндегі ер адамның көшеде келе жатқан бойжеткенге тиісіп, әдепсіз ұсыныстар жасағаны анық көрінеді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Бұл жағдай куәгерлердің назарынан тыс қалмай, олар оқиғаны бейнебаянға түсіріп алған. Басылым авторының айтуынша, ер адамның мас екені анық байқалады. Бойжеткен өзін қорғансыз сезініп, ер адамның ерсі қылықтарына шыдауға мәжбүр болған. Оқиғаға қатысты полиция тарапынан әлі ресми түсініктеме берілген жоқ. Жағдай ел назарында.
Видео @jagdaikz
