Семей әкімдігі антисанитария тексермей ме?
Фото: видеодан скрин
Желіде Семей қаласындағы базар маңында гриль тауығын дайындап жатқан сатушының антисанитариялық әрекеті түсірілген видео тарады.
Бейнежазбадан тағамның ешқандай гигиена талаптары сақталмай, ашық аспан астында қолмен әзірленіп жатқанын анық көруге болады. Бұған қоса, тұрғындар №4 және №5 үйлердің арасында ұзақ уақыттан бері қолқаны қабатын сасық иіс шығып тұрғанын айтып, шағымдануда. Қала халқының денсаулығына тікелей қауіп төніп тұрса да, жергілікті әкімдік пен жауапты санэпидбақылау мекемелері бұл бассыздыққа көз жұмып отырғандай. Халықты улап жатқан мұндай заңсыз нүктелерге тиісті тексеріс жүргізіп, тосқауыл қою — жергілікті биліктің тікелей міндеті. Егер құзырлы органдар жедел шара қолданбаса, бұл жағдай бұқаралық улануға әкеп соғуы әбден мүмкін.
