Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды

    «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір

    «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір

    Фото: Ақорда

    Қазақстанда құрылысы биыл тамыз айында басталған «БейнеуСексеуіл» автомагистралі пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау қашықтығы 1 мың шақырымға, ал жеткізу мерзімі үш күнге дейін қысқарады. Time Business News басылымы бұл магистраль құрылысының басталуын Қазақстанның көлік саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың жаңа кезеңі деп атап өткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тамыз айының басында Қазақстанда ел Президентінің рұқсат беруімен бірден бірнеше ірі автомагистральдың құрылысы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «БейнеуСексеуіл» трассасы өңірлер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп қана қоймай, негізгі халықаралық көлік дәлізіне айналуы мүмкін. Авторлардың пікірінше, бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағытын нығайтуға бағытталған маңызды жоба.

    Басылым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «БейнеуСексеуіл» автомагистралін Қытай мен Еуропа арасындағы «алтын көпір» деп атаған сөзін келтіреді. Ол Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады.

    Қазақстан Қытаймен әлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлық шекарасына ие және Каспий теңізіне тікелей шыға алады. Осы арқылы ел 3 млрд-тан астам адамнан тұратын нарықтарды байланыстырады. Автомагистраль құрылысы аяқталғаннан кейін жүк тасымалдау қашықтығы шамамен 1 мың шақырымға қысқарып, жеткізу мерзімі үш күнге дейін азаяды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →