Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Спасибо деду за генетику»: Шавкаттың әйелі қайын атасының қазасынан кейін жазба жариялады Тараз әкімдігі тұрғындарды қоқыс полигонында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр ма? Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Спасибо деду за генетику»: Шавкаттың әйелі қайын атасының қазасынан кейін жазба жариялады Тараз әкімдігі тұрғындарды қоқыс полигонында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр ма? Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО)

    «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО)

    «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызы Айнараны ұзатқан тойда қонақтарға ұсынылған ерекше торттың жасалу тарихын айтып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Шілде айының соңында Алматыда өткен ұзату тойында қонақтарға қазақтың қызыл сандығына ұқсатып жасалған ерекше торт тартылған. Оның үстіне үкілі тақия қойылып, қазақы нақыштағы дизайн арқылы қыздың жасауын бейнелеген.

    Әншінің айтуынша, торт жасау идеясы өзінен шықпаған. Бұл ұсынысты оның құрбысы Саяш айтқан. Бастапқыда Алтынай Жорабаева ұзату тойында торт ұсынуды жоспарламаған.

    «Ұзату тойында торт болмайды деп ойлайтынмын. Әдетте оны үйлену тойында тартады. Бірақ құрбым қыз ұзатуда торт ұсыну-ұсынбау әркімнің өз қалауы деп түсіндірді. Идеялары бар екенін айтты», – дейді Жорабаева.

    Торттың авторы тәттіні дайындамас бұрын қалыңдықтың тойда киетін киімі мен үкілі тақиясы туралы ақпарат алған. Салмағы шамамен 35 келі болған ерекше торттың дизайны әншіге алдын ала көрсетілмеген.

    «Мен қызымның тойға киетін киімін, үкілі тақиясын көрсеттім. Ол идея келді деген. Маған ұзақ уақыт айтпай жүрді. Тойдан бір күн бұрын ғана суретін көрсетті. Таң қалдым. Қатты ұнады», – дейді Алтынай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →