«Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады
Танымал әзілкеш әрі актер Қажет Смағұл 50 жасында әке атанды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әзілкеш отбасына жаңа мүшенің қосылғанын айтып, оқырмандарына сүйінші хабарын жеткізді.
«50-де балалы болған керемет екен! Отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар», – деп жазды Қажет Смағұл.
Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, сәбиге ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік жас отбасыға бақыт пен береке тіледі.
Айта кетейік, Қажет Смағұл бұған дейін өзінен 25 жас кіші сүйіктісіне үйленгенін жариялаған еді. Өнер иесінің шаңырақ көтергені әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.
