Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма?

    «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады

    «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады

    Фото: Ozgeris.info

    Танымал әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасына арнап жүрекжарды жазба жариялап, сағынышын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі анасының туған күні қарсаңында бауырларымен бірге еске алып, өміріндегі өлшеусіз орны туралы сыр шертті.

    “Ертең Анашымның туған күні. Анашым! Ақ періштем! Мәңгі сағынышым менің! Тірі болғаныңызда бүгін мерей тойыңызды тойлап, бір марқайып қалар ма едік? Амал нешік арамызда жоқсыз. Бауырларымызбен бірге зиярат етіп, құран бағыштап, дұға етуден басқа амалымыз жоқ. Алтын құрсағыңызбен, алтындай бауырларымды өмірге алып келгеніңіз үшін рахмет, Анашым. Сіз бар жердің бәрі бізге “ЖҰМАҚ” еді. Қазіргі жұбанышым — бауырларым, перзенттерім. Тек шүкір деймін, өзіңдей асылдан туғаныма. Ешбір адам Анасының алдындағы қарызын өтей алмас. Өзің берген ақ батамен, өзің берген тәрбиемен, өзің берген мейіріммен басымды тік көтеріп, алға қарай жүріп келемін. Менің жасаған әр бір игі ісім сіздің жолыңызда садақа”, — деп жазды ол.

    Жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретіп, желі қолданушылары  әншіге қайғыра көңіл айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →