Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бангладештегі мектепке әскери ұшақ құлады: 37 адам қаза тапты

    Бангладеш астанасы Даккадағы мектепке әскери оқу-жаттығу ұшағы құлады. Ресми мәлімет бойынша, 37 адам қаза тауып, 170-тен астамы жарақат алды.

    Бангладештегі мектепке әскери ұшақ құлады: 37 адам қаза тапты

    Сурет: ult.kz

    Бангладеш Әуе күштеріне тиесілі Чэнду FT-7 оқу-жаттығу ұшағы 2025 жылдың 21 шілдесінде Дакка қаласындағы Милестоун мектебінің аумағына құлады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ресми деректерге сәйкес, апаттан 37 адам көз жұмды, 170-тен астам адам жарақат алды. Қаза тапқандардың басым бөлігі — мектеп оқушылары. Ұшқыш та қайтыс болды.

    Алдын ала тергеу нәтижелері ұшақтың ұшып көтерілгеннен кейін басқарудан айырылғанын көрсетті. Ұшқыш апатты тұрғын үйлерден алысқа бұруға тырысқан, алайда әуе кемесі мектеп ғимаратына соқтығысып, үлкен өрт тудырған.

    Қайғылы оқиғадан кейін Бангладеш билігі ұлттық аза тұту күнін жариялады. Қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу міндеттелген. Сонымен қатар әскери авиация қауіпсіздігін тексеру шаралары күшейтілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →