Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    «Қайраттың» келесі қарсыласы кім

    «Қайраттың» келесі қарсыласы кім

    Фото: «Қайрат» футбол клубы

    Бүгін, 3 тамызда Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылып, қазақстандық «Қайрат» (Алматы) командасының ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Плей-офф кезеңінде алматылық ұжым Грекияның АЕК клубымен кездесуі мүмкін. Бұл ойындар 18-19, 25-26 тамыз күндеріне белгіленген.
    Қазақстандық команда оған дейін 4 және 11 тамызда үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» (София) клубымен шеберлік байқасады.

    Қазірге дейін алматылық команда алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.

    Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»(2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубытарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.

    Сондай-ақ бүгін қостанайлық «Тобылдың» UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыасы белгілі болады. Оған дейін қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» командасымен жасыл алаңға шығады. Олар екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден — 3:2) клубын қапы қалдырған еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →