Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің 2-сатысына жайғасты
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жаңа салмақ дәрежесіне ресми ауысқаннан кейін, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бірден 2-сатыға жайғасты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Ол рейтингіде тек мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареске ғана жол беріп тұр, ал бұл дивизиондағы WBO әлем чемпионы белбеуі қазіргі уақытта британиялық Хамза Ширазға тиесілі.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 21 шілдесінде «Qazaq Style» орта салмақтағы WBO титулынан бас тартып, 76,2 келіге дейінгі салмаққа ауысатынын жариялаған еді. Ол босатқан орта салмақтағы чемпиондық белбеу автоматты түрде уақытша чемпион болып келген британиялық Дензел Бентлиге (22-3-1, 18 КО) бұйырды.
Жәнібектің супер-орта салмаққа келуі бұрыннан күтілген үлкен текетірестерге жол ашпақ. Нақтырақ айтқанда, 31 қазанда мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен WBC чемпионы Кристиан Мбили арасында айқас өтеді. Осы жекпе-жектің жеңімпазы болашақта Әлімханұлының титул үшін негізгі қарсыластарының біріне айналуы әбден мүмкін.
Алайда отандық боксшының шаршы алаңға оралуы жыл соңына қарай жоспарланған. Допинг-сынамасынан (мельдоний) шикілік шығып, бір жылдық шеттетілу жазасын өтеп жатқан Жәнібектің дисквалификация мерзімі осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Осыдан кейін ғана ол жаңа салмақтағы алғашқы ресми жекпе-жегін өткізе алады. Спорт сарапшылары Әлімханұлының физикалық параметрлері мен әуесқой бокстағы (75 келіде әлем және Азия чемпионы атанған) тәжірибесі бұл салмаққа өте қолайлы екенін айтып отыр.
