Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды Оралда 18 жастағы бойжеткен жасөспірімді құтқармақ болып қаза тапты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды Есіл өзенінен 20 жастағы жігіттің денесі табылды Оралда 18 жастағы бойжеткен жасөспірімді құтқармақ болып қаза тапты

    «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды

    «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды

    Фото: Видеодан скрин

    Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі әкесінің дүниеден өткеніне бір жыл толғанын айтып, ата-анасына деген сағынышын жеткізді.

    “Әке, ол жақтағы хәліңіз жақсы ма? Анама, ағам мен әпкеме біздің жақсы екенімізді жеткіздіңіз ба? Ата-анаңызбен бауырларыңызға бұл жақтағыдай қомқор болып жүрген шығарсыз. Раббыңыз сізге сондай мүмкіндіктер берді ме екен? Сіз Раббыңызға қайқан таңда Динара қызыңыз түс көріпті. Түсінде анамыз аппақ киіммен күлімсіреп қолында бір кесе кеспе көжесін алып, “ әкең келе жатыр ғой “,- деген екен. Бихантайдың да көрген түсі сіздің жайыңыздың жұмақтан болғанын білдіргендей сізді “ Мекке Мединадан көріпті түсінде “.  Бұл не деген сезім мен адалдық. Осы тылсымда сиқырлы сезім сіздердің бір-бірлеріңізге деген адалдықтың сағыныш пен махаббаттың мәңгілік екенін ұқтырғандай болды. Әке, кемпіріңіздің кеспе көжесіне жетіп, мейіріңіз қанғанша ішкен боларсыз? Сіздерді жұмақта жұп болып бірге болса екен деп тілеймін Жаратқаннан. Бақұл болыңыздар! Әке сіз кеткелі 1 жылдың жүзі болған екен. Анам кеткелі 25 жыл. Мәңгілік өмірлеріңізге кеткелі мәңгілік сағынышыма айналдыңыздар! Бүгін қара шаңырағыңызда сіздерге арнап ас беріп жатырмыз, сіздерге құран бағыштағалы ағайын ауыл-аймақты, құда-жегжат туысқандарды, сіздің көзіңізді көріп батаңызды алған бауырларыңыз бен балаларыңызды жинап жатырмыз”, – деп жазды ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →