Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы бейнежазбаға қатысты ойын бөлісті. Ол ақынды қолдап, асығыс баға бермеуге шақырды.
Сурет: dalanews.kz
Әлеуметтік желіде ақын Жүрсін Ерман мен әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуі түсірілген бейнежазба қызу талқылануда. Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Өнер иесі Жүрсін Ерманның отандық мәдениет пен ұлттық өнерге қосқан үлесін Тұрсынбек Қабатов ерекше атап өтті. Ол оқырмандарды оқиға мән-жайын толық түсінбей тұрып, асығыс әрі біржақты баға бермеуге шақырды.
Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде былай деп жазды: «Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, «ағамыздың жасын берсін Димашқа» деп неге жазбайсыздар?»
