Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды •

    Ақтаудағы Керемет тұрғын үйінің халқы сегіз күннен бері сусыз отыр

    Ақтаудағы Керемет тұрғын үйінің халқы сегіз күннен бері сусыз отыр

    Фото: видеодан скрин

    Ақтаудағы 16-шағынауданда орналасқан «Керемет» тұрғын үй кешенінің №70, 70/1 және 70/2 үйлерінің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан сегіз күннен бері ауызсусыз отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Құбыр жарылған соң амалы таусылған жұрт жөндеуге қажетті материалдарды өз қалтасынан сатып алғанымен, мәселе әлі шешілген жоқ. Осы аймаққа жауапты «Гран Сервис» ПИК-і өзінің тікелей міндетін орындаудан қашып, халықты апатпен бетпе-бет қалдырды. Коммуналдық қызметтің бұлай іркілуі «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 50-бабының талаптарын өрескел бұзып отыр. Наразы тұрғындар биліктен ауызсу беруді дереу қалпына келтіруді және «Гран Сервис» ПИК-нің қызметін ресми түрде тексеруді талап етеді. Адамдардың қарапайым тұрмыстық құқығы аяқасты болған бұл жағдай қаладағы ПИК жұмысының сорақы деңгейін тағы бір мәрте ашып берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →