Әншінің сөзінше, ол қызын қазақы дәстүрмен шығарып салмақ болған.
«Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық.
Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін», — деп жазды ол.
Десе де, көпшілік оның қызының хиджаб кигеніне қатты наразы болған. Олар: «Дәстүр — қазақтыкы, киім — арабтан», «Әп-Әдемі қызыңызды осынша тұмшалап тастағаныңыз не?», «Қазақтың бір көйлегі табылмады ма?» деген пікірлерін жаудырып жатыр.
