Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді «Басымыздан өтті, нәпсінің қалауы»: Омар Жәлел тоқал алу туралы ойын айтты «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді «Басымыздан өтті, нәпсінің қалауы»: Омар Жәлел тоқал алу туралы ойын айтты

    «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды

    «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әнші Жазира Байырбекова өмірлік ұстанымдары мен отбасы туралы ой бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жастардың әрекетіне қарап, өзін «тым ыңғайлы әйел» деп санайтынын жазды.

    Әнші күйеуінен материалдық нәрсе сұрамағанын, отбасы мен жұмысына бар уақытын арнағанын айтты. Сондай-ақ ол өмірдегі жетістіктерін кейбір қателіктерінің нәтижесі деп қабылдайтынын жеткізді.

    «Мен көп нәрсені дұрыс жасамаппын.
    Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам мен тым ыңғайлы әйел екенмін.
    Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын. Қыздармен қыдырып, күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін. Жұмысыма, отбасыма арнадым уақытымның бәрін. Мынау әйелдің міндеті, мынау еркектің міндеті демей, ауырды да, жеңілді де бірге көтеріппін. Өзімді бірінші орынға қоймай күйеуімді бірінші орынға қойып, әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап, күйеуімнің қалауын ескеріппін. Әр нәрседе соңғы шешімді күйеуім шешкенін күтіппін. Маған қаталдық көрсетіп, ренжіткендерді де құрметтеп, сыйлап, кешіріп, түсінуге тырысыппын. Ойлана келе
    қазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы осы күнге дейін бәрін дұрыс жасамағанымның нәтижесі сияқты.
    Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама. Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы, Аллаға шүкір»,– деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →