Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Wildberries-тің тағы бір қоймасы отқа оранды

    Wildberries-тің тағы бір қоймасы отқа оранды
    Фото: exilenova_plus

    24 шілдеге қараған түні Санкт-Петербург маңында ұшқышсыз ұшу аппараттарының ауқымды шабуылы болды. Соққы астына Wildberries компаниясының екі ірі логистикалық кешені түсті. Нысандарда жойқын өрт шығып, өрттен шыққан түтін қаланың жақын маңдағы аудандарын басып қалды, деп жазады Qazaqtoday.info сайты.

    Euronews хабарлауынша, компания бүлінген логистикалық орталықтардың жұмысын уақытша тоқтатты.

    Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов соққылардың Московское тасжолындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына тигенін хабарлады. Өз кезегінде Ленинград облысының басшысы Александр Дрозденко түнде аймақ аумағында 59 дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.

    ҰҰА шабуылына байланысты Санкт-Петербургтің Пулково әуежайында ұшу мен қонуға уақытша шектеулер енгізілді: 50-ге жуық рейс кешіктірілді немесе басқа бағытқа бұрылды. Таңғы сағат 6-ға қарай әуе айлағының жұмысы қалпына келтірілді.

    Тараптардың мәлімдемелері:

    Киевтің нұсқасы: Украина басшылығы маркетплейс қоймаларына жасалған шабуылдарды бұл логистикалық алаңдардың санкцияға іліккен және әскери техника өндірісінде қолданылатын компоненттерді тасымалдау мен сақтау үшін пайдаланылуымен байланыстырды.

    Залал ауқымы: БАҚ мәліметінше, соңғы уақытта компанияның барлық қоймалық майданының шамамен 15 пайызы (шамамен 1 миллион шаршы метр) соққыға жығылған. Маркетплейс нысандарындағы мұндай оқиғалар осы аптада төртінші рет тіркеліп отыр, оның ішінде Симферопольде де осыған ұқсас жағдай орын алған.

    Ресми түрде материалдық шығын көлемі жарияланған жоқ. Алайда мамандардың бағалауынша, қоймалардағы тауарлардың шығыны миллиардтаған долларға дейін жетуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →