Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады

    Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығару туралы оқырмандарынан кеңес сұрады. Оның посттарына желі қолданушылары қызу пікір білдірді.

    Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады

    Сурет: ozgeris.info

    Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруды ойлап жүргенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі жалғыз ұлы мен келінін жеке шаңыраққа шығару туралы ойлағанда көңілі босап кететінін жасырмады.

    «Сепарация» сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек жіберейік дегенді өзім ойлап, өзімнің көңілім түсіп кетеді. Олардың ойында ондай нәрсе жоқ. Бір ғана ұл болған соң ба, қазақы отбасынан шыққан соң ба, көпшілікке үйренген соң ба, “шығарғанымыз дұрыс-ау” деп ойласам, өзім жылап қалам. Осы жөнінде ойларыңыз қандай?»,– деп жазды ол.

    Желі қолданушылары әншінің жазбасына қызу пікірлерін білдірді.

    «Жалғыз ұлды қай атаң бөлек шығарған? Бірге тұрсын, келінді баулу керек», «Үнемі гастрольде, тойларда жүресіздер. Айналдырған екі бала, бірге тұрған дұрыс қой. Дараға да бас-көз болады», «Жалғыз баланы бөлек шығару үлкен қателік болады. Келін ене тәрбиесін көру керек», – деп жазды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →