Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды •

    Қосшыда алты жасар бала бассейнде суға кетіп қайтыс болды

    Қосшыдағы демалыс аймағында алты жасар бала бассейнде суға кетіп қайтыс болды. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастап, ата-аналарды сақ болуға шақырды. Маусым басынан бері 69 бала суға кеткен.

    Қосшыда алты жасар бала бассейнде суға кетіп қайтыс болды

    Сурет: informburo.kz

    Қосшыдағы демалыс аймағындағы бассейнде алты жасар бала суға кетіп қайтыс болды. Полиция баланың қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қайғылы оқиға бүгін, 17 шілдеде болды. Төтенше жағдайлар қызметі баланың қазасы туралы хабарды полицияға жеткізген.

    «Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», — деп хабарлады Ақмола облысы полициясы.

    Полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтпады. Ата-аналарды балаларын су жағасында қараусыз қалдырмауға шақырды.

    Бұған дейін Қазақстан ІІМ суға шомылу маусымы басталғаннан бері ел су айдындарында 69 баланың қаза тапқанын хабарлады.

    Тағы оқыңыз:

    — Ақмола облысында екі қыз су қоймасына сырғанап түскен автокөлікте суға батып қайтыс болды

    — Астанадағы бассейннің шешіну бөлмесінде 8 жасар қызға шкаф құлап, полиция іс қозғады

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →