Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты БАӘ-ге қатынайтын кейбір рейстерін уақытша тоқтатты. Жолаушыларға толық қайтару немесе тегін ауыстыру ұсынылды.
Сурет: kz.kursiv.media
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) қатынайтын кейбір рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Компания 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898) рейстерін, сондай-ақ 14 шілдеде орындалуы тиіс Астана – Дубай – Астана (KC205/206) рейсін тоқтатты.
Жолаушыларға билет құнын толық қайтару немесе рейсті тегін ауыстыру ұсынылды. 12-18 шілде аралығындағы рейстерді 31 шілдеге дейінгі кез келген күнге қайта броньдауға болады.
Air Astana аймақтағы жағдайдың дамуын бақылап, жолаушыларды шығару жолдарын қарастырып жатқанын мәлімдеді.
