Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Суррогаттың тамырына балта шабылды: «Дала қырандары» 1,5 миллион литрден астам заңсыз алкогольді айналымнан шығарды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Суррогаттың тамырына балта шабылды: «Дала қырандары» 1,5 миллион литрден астам заңсыз алкогольді айналымнан шығарды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады

Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы

Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы

Фото: жеке парақшасынан

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Конституциялық Соттың Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты берген ресми түсіндірмесіне пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері күн тәртібінде болған және енді құқықтық тұрғыдан түпкілікті шешімін тапқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сонымен, президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты стратегиялық мәселе ақыры шешілді. Еске салайын, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қарашасында екінші конституциялық реформадан кейін бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланды. Кейін қолданыстағы Конституция нормаларына байланысты кезекті президент сайлауы 2028 жылдың желтоқсанында, яғни шамамен бір жыл бұрын өтуі керек деген құқықтық мәселе туындады. Жаңа Конституцияда бұл тұжырымдар өзгертілгенімен, саяси институттардың жаңаруына байланысты өкілеттік мерзімдерін қайта қарау қажет пе деген жаңа сұрақ пайда болды. Алайда Конституция мәтінінде бұл мәселеге қатысты нақты норма болған жоқ», – деп жазды саясаттанушы.

Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы референдум өткен күні-ақ кезекті сайлау 2029 жылы өтетінін мәлімдегенімен, құқықтық тұрғыдан мәселе толық жабылмаған еді. Сондықтан Президент Конституциялық Сотқа ресми түсіндірме сұрап жүгінді.

«Бүгін Конституциялық Сот жаңа Конституцияның қабылдануы бұрынғы Конституциядағы нормалар мен сол негізде қабылданған шешімдердің автоматты түрде ұзартылуын білдірмейтінін көрсетті. Осылайша Ақорда соңғы бірнеше жыл бойы күн тәртібінде тұрған мәселені ұтымды шешіп, Конституциялық Сотқа жүгіну арқылы ішкі және сыртқы ойыншыларға құқық үстемдігі мен мемлекеттің ұлттық мүдделеріне негізделген саяси ережелер туралы нақты белгі берді», – деді ол.

Сарапшының пікірінше, Конституциялық Соттың түсіндірмесі президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі сақталатынын растады. Сонымен бірге ол мерзім сайлау өткен күннен бастап есептелетінін атап өтті.

«Осылайша бір реттік жеті жылдық мерзім сақталады, бірақ ол сайлау өткен сәттен бастап есептеледі. Сонымен қатар Конституция президенттік және парламенттік сайлауды бір мезгілде өткізуге тыйым салады, сондықтан президент сайлауының мерзімі күзге ауысады. Әңгіме қазіргі Мемлекет басшысының сайлауға қатысу міндеті емес, құқығы туралы болып отыр. Оның үстіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де сайлау 2029 жылы өтетінін айтқан еді. Дегенмен Президент те заңға бағынуға міндетті, ал Конституциялық Соттың шешімі Ата заң нормаларының ресми түсіндірмесін айқындайды», – деп түйіндеді Данияр Әшімбаев.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика