Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Мбаппенің пенальтиі Францияны Парагвайды жеңуге жеткізді

    Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңді. Килиан Мбаппе пенальтиден гол соғып, Мессиді қуып жетті.

    Мбаппенің пенальтиі Францияны Парагвайды жеңуге жеткізді

    Фото: Patrick Smith/FIFA via Getty Images

    Франция құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Филадельфияда өткен кездесуде жалғыз голды 70-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден соқты. Бұл пенальти Дезире Дуэге жасалған фолдан кейін тағайындалды.

    Франция капитаны ЧМ-2026-дағы жетінші голын соғып, бомбардирлер тізімінде Лионель Мессиді қуып жетті. Аргентиналықтың әлем чемпионаттарында 20 голы (рекорд), ал Мбаппеде — 19. Алайда француз плей-оффтағы голдар саны бойынша көш бастап тұр — 11.

    Қазіргі вице-чемпиондар ширек финалға шығып, онда Марокко құрамасымен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →