Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді •

    Президент бірнеше маңызды заңға қол қойды

    Президент бірнеше маңызды заңға қол қойды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Президент алдымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Бұдан бөлек, Президент «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Ақорданың мәліметінше, аталған заңдардың толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →