Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana басшысын қабылдап, әуе паркін жаңарту жоспарын талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдап, әуе паркін жаңарту, бағыттарды кеңейту және АҚШ, Жапониямен тікелей рейстер ашу жоспарларын талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana басшысын қабылдап, әуе паркін жаңарту жоспарын талқылады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында Мемлекет басшысына авиакомпанияның қаржылық және операциялық көрсеткіштері туралы есеп берілді. Air Astana Орталық Азия мен Кавказ аймағында жетекші орын алады.

    Президентке 2026-2027 жылдары әуе паркін Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыру жоспары баяндалды. Қазіргі уақытта компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа, сондай-ақ Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Барлық ұшақтар 2036 жылға дейін жеткізіледі.

    Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және халықаралық деңгейде қызмет көрсетуді кеңейтуге бағытталған. Air Astana бағыттар санын көбейту, мультимодальді тасымалды дамыту және ұшу жиілігін арттыруды жоспарлап отыр. Цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін кеңейту және тасымалдау әлеуетін нығайту сияқты стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызын атап өтті. Президент АҚШ және Жапониямен тікелей әуе қатынасын ұйымдастыруды басымдық ретінде белгіледі.

    Мемлекет басшысы рейстердің кешігуі, борттың ауысуы сияқты жолаушылар жиі сынайтын мәселелерге назар аударып, қазақстандықтар көп саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →