Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды •

    Тоқаев FIG және AGU басшыларымен спорт саласындағы әріптестікті талқылады

    Тоқаев FIG және AGU басшыларымен спорт саласындағы әріптестікті талқылады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті.

    Әңгімелесу барысында елімізде гимнастика спорты түрлерін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев FIG және AGU ұйымдарының Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады.

    Президент бүгінде елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түскенін атап өтті. Көптеген жергілікті залдармен қатар, ұлттық құрама жаттығатын және халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын үш арнаулы кешен жұмыс істейді.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауқымды спорт іс-шараларын өткізуде айтарлықтай тәжірибе жинағанына тоқталды.

    Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамыту және ірі халықаралық додаларды өткізу бойынша бірлескен бастамаларды қарастыруға дайын екенін растады.

    Моринари Ватанабэ мен Абдулрахман Әл-Шатри Қазақстан басшылығының кәсіби және бұқаралық спортқа көрсетіп отырған қолдауына оң баға берді.

    Меймандар еліміздің даңқын әлемдік ареналарда асқақтатып жүрген қазақстандық атлеттердің жетістігіне ерекше назар аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →