Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ғұсман Қырғызбаев жүлделі болды

    Ғұсман Қырғызбаев жүлделі болды

    Фото: ҚР ҰОК
    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді.

    Отандасымыздың жарыстағы жолы:

    1/16 финал. Турболд Тумурху (Моңғолия)
    1/8 финал. Джусуф Нуркович (Черногория)
    1/4 финал. Руслан Пашаев (Әзербайжан)
    1/2 финал. Рональд Лима (Бразилия)

    Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдерде 48, 52,57 келіде жүлделер сарапқа салынды.

    Бүгінгі жарыстың басты ерекшелігі ретінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың 2 жылдан кейін татамиге оралуы болды. Жерлесіміз бірінші ресми жарысын 5-орынмен аяқтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →