Басты бет » Бұдан былай субұрқаққа шомылғандар айыппұл арқалайды

Бұдан былай субұрқаққа шомылғандар айыппұл арқалайды

Бұл туралы туралы Есіл ауданының полиция басқармасы хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Астанадағы Ботаникалық бақтың субұрқақтарына шомылған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартыла бастады. Жиі ескерту жасалып жатса да, кейбір ересектер балаларының субұрқақ суына түсуіне тыйым салмайды. Мұндай жағдайда полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, субұрқақтар тұрған жерде балаларды тоқ соғып, түрлі инфекция жұғуы мүмкін.

«Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ олардың субұрқақтар мен шомылуға арналмаған басқа да орындарда суға түсуіне жол бермеуге шақырамыз», – деп атап өтті Есіл аудандық полиция басқармасы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика