Басты бет » Астанада мас тұрғын екі жеделсатыны қиратып кетті

Астанада мас тұрғын екі жеделсатыны қиратып кетті

Фото: видеодан скрин

Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түн ортасында ақылға сыйымсыз оқиға болды. Өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын 34 жастағы мас ер адам ортақ мүлікті саналы түрде бүлдірген. Жеделсаты ішіндегі бейнебақылау камерасы бұл сорақылықты таспаға тартып алған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Ашуын қайдан аларын білмеген «батыр» алдымен бірінші лифттің, сосын екінші лифттің есігін аяусыз теуіп, қолмен жұлқылап істен шығарған. Оның бұл жабайы әрекетінен келген материалдық шығын 1,5 миллион теңгені құрап отыр. Бір адамның бейәдеп қылығы үшін бүкіл подъезд тұрғындары баспалдақпен жаяу жүруге мәжбүр.

Қалалық Полиция департаменті бөгденің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұзақы бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде қоғам мұндай вандализм әрекеттеріне мүлдем төзбеушілік танытуы қажет. Заң бұзған азамат енді шығынды өз қалтасынан өтеп, сот алдында жауап береді.

Видео: baq.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика