Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Басқаша өмір сүре алмаймыз»: Динара Сәтжан күйеуі екеуі туралы айтты

    «Басқаша өмір сүре алмаймыз»: Динара Сәтжан күйеуі екеуі туралы айтты
    Фото: dinarasatzhan парақшасынан

    Тележүргізуші Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге түскен суретін жариялап, олардың өмір салты туралы әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Журналистің айтуынша, жолдасының өмірге деген қарқыны өзіне де ерекше шабыт береді.

    «Бір кездері өзімді өте энергиясы көп адаммын деп ойлайтынмын. Кейін Жұмабекпен танысып, мүлде басқа деңгейді көрдім. Таңғы сағат 5-те тұрып, басқа елге еш қиналмай жолға шыға салу – біз үшін қалыпты нәрсе. Барлығын жеңіл әрі позитивпен қабылдаймыз. Бұл – біздің өмір салтымыз», – деп жазды ол.

    Динара Сәтжанның сөзінше, өмірлік серіктің адамға берер қолдауы аса маңызды.

    «Жаныңда энергияңды сарқымай, керісінше оны еселейтін адамның болғаны өте маңызды», – деді тележүргізуші.

    Сондай-ақ ол сапар барысында біраз қиындықтарға қарамастан, бәрін үлгергендерін айтты.

    «Біз Бішкекке дейін бес сағаттай жүрдік. Одан кейін Ыстықкөлге тағы 4,5 сағат жол болды. Жол жөнделіп жатқандықтан, көлікте киім ауыстырып, макияж бен шаш үлгісін бағдаршамдардың арасында жасап үлгердім. Біз басқаша өмір сүре алмайтын сияқтымыз», – деп бөлісті Динара Сәтжан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →