Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Кең дүниеге талай мәрте қайтардыңыздар»: Тамара Асар әсерлі жазба жариялады

    «Кең дүниеге талай мәрте қайтардыңыздар»: Тамара Асар әсерлі жазба жариялады

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Тамара Асар Медицина қызметкерлері күніне орай ақ халаттыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

    Өнер иесі дәрігерлер мен медицина саласы мамандарының адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ерен еңбегін ерекше атап өтіп, олардың мейірімі, кәсібилігі мен жанашырлығы көптеген жанға үміт сыйлайтынын жеткізді.

    «Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс пен толағай жетістіктер тілеймін», – деп жазды әнші.

    Сонымен қатар Тамара Асар өзінің жеке өмірінен сыр шертіп, өміріндегі ауыр кезеңдерде дәрігерлердің көмегін ешқашан ұмытпайтынын айтты.

    «Ақбұлттардың арасында арпалысып жатқандай болған жанымды әуелі Алла, содан кейін сіздер – ақ халатты абзал жандар – осы кең дүниеге талай мәрте қайтардыңыздар. Алдарыңызда бас иемін», – деген әсерлі сөздері көпшіліктің жүрегіне әсер етті.

    Әншінің жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қолдау тауып, медицина қызметкерлеріне арналған шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі ретінде бағаланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →