Басты бет » Жібек Құламбаева Болгариядағы жарыстың ширек финалына өтті

Жібек Құламбаева Болгариядағы жарыстың ширек финалына өтті

Фото: ҚТФ

Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемнің 479-ракеткасы Жібек Құламбаева Хасково (Болгария) ITF W50 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 821-орындағы ресейлік Валерия Артемьеваны сынап көрді.

Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі еді.

Екі партия да 6:2, 6:2 есебімен Жібектің пайдасына аяқталды.

Бір сағат 24 минутқа созылған бәсекеде Ж.Құламбаева жеті брейкпен ерекшеленді.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін франциялық Селена Яничиевич немесе болгариялық Денислава Глушкованың қай жеңгенімен таласады.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика