Бүгін футболдан Әлем чемпионатының шымылдығы түріледі

Фото: Pixabay

Бүгін, 11 маусымда АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты басталады. Бұл – FIFA тарихындағы ең ауқымды мундиаль болмақ. Алғаш рет әлем біріншілігіне 48 құрама қатысып, чемпиондық атақ үшін таласады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

Турнирдің ашылу матчы Мехико қаласындағы әйгілі стадионда өтеді. Әлем чемпионатының алғашқы ойынында алаң иесі Мексика құрамасы Оңтүстік Африкамен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында жалғасады. Жарыс үш мемлекетте ұйымдастырылып, матчтар 16 қалада өтеді. Турнир аясында барлығы 104 ойын жоспарланған.

Биылғы мундиальдың басты ерекшелігі – қатысушылар санының 32-ден 48 командаға дейін артуы. Соған байланысты плей-офф кезеңіне 32 құрама жолдама алады.

Ал әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде АҚШ-тағы Нью-Йорк–Нью-Джерси аренасында өтеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика