Фото: видеодан скрин
Танымал блогер Сабина Мовлаева Динара Сәтжанға берген сұхбатында экс-күйеуімен болған ара-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.
Айтуынша ол блогерді қинап хиджаб кигізбекші болған.
«Үйленгеннен кейін ол хиджаб киіп, намаз оқуға мәжбүрледі. Мен өтініш айтсам, «егер хиджаб кисең, мен соны жасаймын» деп айтатын. Басында маған хиджаб кию жайлы айтқан жоқ. Бірақ үйленген соң қызғанып бастады. Мен оған дайын болмадым. Біз ол үшін ғана ажыраспадық. Мен өзімде дінге жақынмын, Алланы танимын. Ажырасуға ең басты себеп-ата-ене. Ата-енемен тұрдым. Жолдасымды жаман деп айта алмаймын. Ол өте мейірімді, жақсы адам», — деді ол.
