Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов жаңа жоба түсірімін көрсетті Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді АҚШ арнайы қызметтері Иранның байытылған уранын алу операциясын дайындап жатыр Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде Кенжебек Жанәбілов жаңа жоба түсірімін көрсетті Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді АҚШ арнайы қызметтері Иранның байытылған уранын алу операциясын дайындап жатыр Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде

    Жетісу облысында ер адам өзінен бірнеше жас кіші қызға сталкинг жасаған

    Жетісу облысында ер адам өзінен бірнеше жас кіші қызға сталкинг жасаған

    Фото: Pixabay

    Жетісу облысында адам бірнеше ай бойы қызды аңдып, әлеуметтік желі арқылы мазалап, кейін дүкенде жанжал шығарып, пышақпен қорқытқан. Сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Жетісу облысының Алакөл аудандық сотында азамат К-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық іс қаралды.

    Сот дерегінше, Алакөл ауданының тұрғыны бірнеше ай бойы жәбірленушінің еркіне қарамастан онымен байланыс орнатуға тырысқан. Іс материалдарына сәйкес, оның әрекеттері психологиялық қысыммен қатар жүріп, қыздың бойында қорқыныш пен үрей туғызған.

    “Сонымен бірге ол жәбірленушінің әлеуметтік желідегі парақшаларын тауып, оған тұрақты түрде хабарламалар жіберіп отырған. Одан бөлек, ер адам жергілікті дүкендердің бірінде жәбірленушіні қорлап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген. Сол жерде болған куәгер оған ескерту жасап, қызбен дөрекі сөйлеспеуді өтінген. Кейін сот анықтағандай, ер адам үйіне барып, пышақ алып қайтадан дүкенге оралған. Онда ол куәгерге пышақ сілтеп, күш қолдану қаупін тудырып, қоғамдық тәртіпті бұзған”, – делінген хабарламада.

    Ер адамға Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы (сталкинг) және 293-бабының 3-бөлігі (қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) бойынша қоғамға қауіпті әрекеттер жасады деген айып тағылған.

    “Сот отырысында жәбірленушілердің, куәгерлердің жауаптары, сараптама қорытындылары және өзге де іс материалдары зерттелді. Кешенді сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, азамат К психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды. Мамандар оның қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған сәтте өз іс-әрекетінің мәнін түсініп, оны басқара алмағанын анықтаған. Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Оған жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара тағайындалды”, – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →