Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Джеки Чан Ақтаудағы кеште Миягимен бірге көрінді Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Джеки Чан Ақтаудағы кеште Миягимен бірге көрінді Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді?

    Атырауда аяқжолдар қирап жатыр: бюджет миллиардтары қайда жұмсалуда?

    Атырауда аяқжолдар қирап жатыр: бюджет миллиардтары қайда жұмсалуда?

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде мұнайлы астананың аяқжолдарының сиқы қашқан видеосы тарап, жұрттың ашуын туғызды. Орталық көшелердің біріндегі мына тас төсеніштердің (брусчатка) әбден ескіріп, опырылып ортасына түскенін анық көруге болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Бұл жермен күнделікті мыңдаған қала тұрғыны, оның ішінде қарттар мен кішкентай балалар да өтеді. Жауын-шашын күндері мына шұңқырлар суға толып, тұрғындар үшін нағыз қауіпті аймаққа айналатыны сөзсіз. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жол бөлімі осы уақытқа дейін бұл мәселеге неге көз жұмып отыр деген заңды сұрақ туындайды.

    Бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр, әлде шенеуніктер халықтың аяғы астындағы сорақылықты көрмей ме? Қала көркі мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тікелей жауапты әкімдік бұл жолы да үнсіз қала ма, әлде шара қолдана ма? Көптің наразылығын тудырған бұл мәселе тез арада шешілуі тиіс. Бұл жағдай Атыраудың инфрақұрылым саласындағы қордаланған проблемалардың бетін ғана ашып бергендей. Тұрғындар жергілікті биліктен құрғақ уәде емес, нақты әрі шұғыл іс-қимылды талап етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →