Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

    «Елім-ай» клубының футболшысы жол апатынан қаза тапты

    «Елім-ай» клубының футболшысы жол апатынан қаза тапты

    Фото: ҚФФ

    Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көкшетаулық “Елім-Ай” футбол клубының ойыншысы, 29 жастағы Илья Буртовой қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Қайғылы оқиға Абай – Қарағанды бағытындағы автожолда болған. Апаттан кейін ауыр жарақат алған спортшы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

    Илья Буртовой кәсіби футболдағы мансабын 2015 жылы “Шахтер-Булат” клубында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының “Прогресс” командасы құрамында Қазақстан кубогы жарыстарына қатысқан. Сондай-ақ ол “Скаут” балалар футбол клубында жаттықтырушы қызметін атқарды.

    Бұдан бөлек, Буртовой еліміздегі үздік әуесқой ұжымдардың бірі саналатын FC BIRLIK командасының намысын қорғаған. Өткен жылы аталған команда сапында шағын футболдан өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын.

    2025 жылы футболшы Көкшетаудың “Елім-Ай” клубына қосылып, Қазақстан кубогы мен Бірінші лига аясындағы кездесулерде өнер көрсетті.

    Илья Буртовой 1996 жылы дүниеге келген. Қайтыс болған кезде ол 29 жаста болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →