Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады •

    Сәрсемәлиев ісі: сотта айыпталушының ломбардқа барған видеосы көрсетілді

    Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты жалғасуда. Сот отырысында оның ломбардқа алтын тапсырған сәтінің видеосы көрсетілді.

    Сәрсемәлиев ісі: сотта айыпталушының ломбардқа барған видеосы көрсетілді

    Сурет: ult.kz

    Атырау облысында бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста айыпталушының ломбардқа алтын бұйымдарды өткізген сәті түсірілген бейнежазба көрсетілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сот барысында С. Сәрсемәлиев кейбір айыптар бойынша кінәсін ішінара мойындап, алайда бірқатар эпизодтармен келіспейтінін білдірді. Атап айтқанда, айыпталушы бір адамның өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын алға тартты.

    Тергеу материалдарына сәйкес, психологиялық-психиатриялық сараптама Сәрсемәлиевтің қылмыс жасау кезінде есі дұрыс болғанын анықтаған. Сонымен қатар, тергеу бұл іске басқа адамдардың қатысы барын растамады.

    Қазіргі уақытта Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында отырыстар жалғасып, іс материалдары мен дәлелдемелерді зерттеу кезең-кезеңімен жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →