Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды •

    Бибісара Асаубаева жанкүйерлерін қуантты

    Бибісара Асаубаева жанкүйерлерін қуантты
    Фото: gov.kz

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан беделді Norway Chess турнирінде қайтадан жеке-дара көш бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жарыстың алтыншы турында Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен кездесті. Классикалық партия тең нәтижемен аяқталғаннан кейін жеңімпаз армагеддон форматында анықталды. Шешуші кездесуде ақ тастармен ойнаған қазақстандық шахматшы жеңіске жетіп, маңызды ұпайды қоржынына салды.

    Осы нәтижеден кейін Бибісараның еншісінде 9,5 ұпай жиналып, ол турнирлік кестенің бірінші орнына қайта көтерілді.

    Қазір оның ең жақын қарсыласы – үндістандық Дивья Дешмух. Алдыңғы турдан кейін көш бастаған шахматшының активінде 8,5 ұпай бар.

    Үздік үштікті сегіз ұпаймен украиналық Анна Музычук түйіндеп тұр. Ол қосымша көрсеткіштер бойынша қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньнен алда келеді.

    Бесінші орында тағы бір қытайлық шахматшы Чжу Цзиньэр орналасса, Хампи Конеру 5,5 ұпаймен турнир кестесінің соңында тұр.

    Айта кетейік, Norway Chess турнирі 5 маусымға дейін жалғасады. Әлемнің ең мықты шахматшылары қатысып жатқан дода он турдан тұрады. Бибісара Асаубаева әзірге чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →