Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Атыраудағы Ақмагүл тұрғындары жолдың сапасына шағымданды

    Атыраудағы Ақмагүл тұрғындары жолдың сапасына шағымданды

    Фото: видеодан скрин

    Атыраудың Ақмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің маңында тұратын халықтың шыдамы таусылды. Мұндағы шұрық-тесік жол сәл жаңбыр жауса, көлік те, жаяу адам да өте алмайтын үлкен көлшікке айналады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Саңылауынан сүйемдей сау жер қалмаған бұл аумақ тұрғындар үшін нағыз бас ауруына айналған. Әсіресе мектепке қатынайтын балалар мен қарттардың жүріп-тұруы қиындап кетті. Осы уақытқа дейін жасалған шағымдардан еш нәтиже шықпаған соң, жұрт әлеуметтік желі арқылы жанайқайын жеткізуге мәжбүр. Тұрғындар әкімдіктен бұл мәселені тезірек қолға алып, жолды сапалы жөндеп беруді талап етіп отыр.

    Жауапты шенеуніктер бұл жолы да халықтың сөзін құлақтан тыс қалдыра ма, әлде нақты іске көше ме? Тұрғындар ендігі жерде құрғақ уәдеге сенгісі келмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →