Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды •

    Мөлдір Әуелбекова өзіне қатысты шыққан шудан кейін үн қатты (ВИДЕО)

    Мөлдір Әуелбекова өзіне қатысты шыққан шудан кейін үн қатты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі өзіне қатысты шудан кейін концертте бой көрсетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі Оралда өткен концертке қатысқан. Ол сахнаға шығып, көрерменмен тілдесіп, өзінде бәрі жақсы екенін айттты. Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі белсенділігінің артқанын да әзілмен жеткізді.

    “Қалдарыңыз қалай? Менде бәрі күшті. Осы барыммен, нарыммен сіздерге қызмет етіп, әнімді салып жүре берейін. Әлеуметтік желідегі статистикам да жақсы болып тұр, ұшып тұр”, – деді ол.

    Мөлдір Әуелбекова “Ауыл” партиясының мүшесі екенін еске салды. Оның сөзінше, бұл шешім оның өмірлік ұстанымы мен шыққан ортасына байланысты.

    “Негізі мен “Ауыл” партиясының мүшесімін. Өзім барыммен, талантыммен сіздерге қызмет етіп жүре беру үшін осы партияны қолдадым”, – деді әнші.

    Өнер иесі көрерменге алғысын білдіріп, келер уақытта да шығармашылығын жалғастыра беретінін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →