Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді •

    Қазақ футболының ардегері дүние салды

    Қазақ футболының ардегері дүние салды

    Фото: ФК «Қайрат»

    Қазақ футболы ардагері, «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Сергей Рожков 84 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Сергей Егорович «Қайрат» сапында 1966-1967, 1970-1973, 1975-1976 жылдары өнер көрсетті. Алматы клубы құрамында 203 матч өткізіп, 25 гол соқты, команданың капитаны болды, өз дәуірінің ең жарқын футболшыларының бірі атанды.

    1971 жылы Сергей Рожков «Қайратпен» бірге Халықаралық теміржолшылар спорт одағы кубогының иегері атанды. Сергей Егорович – КСРО спорт шебері, 1969 жылғы КСРО чемпионы, КСРО Кубогының екі дүркін иегері, сондай-ақ КСРО құрамасы сапында бір матч өткізген.

    «Қайрат» ФК Сергей Егоровичтің туған-туыстары мен жақындарына, достарына, бұрынғы командаластарына, оны таныған барша жанға көңіл айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →