Фото: Pixabay
Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры жанкүйерлерге тартысты матчтар сыйламақ. 22-23 мамыр күндері өтетін тур аясында көшбасшылар мен турнир кестесінің төменгі жағындағы командалар маңызды ұпайлар үшін таласады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Бүгінгі ойындар қатарында «Астана» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдайды. Елордалық клуб соңғы турдағы жеңілістен кейін жанкүйерлер алдында ақталуға тырысады. Ал «Оқжетпес» Өскеменде «Алтаймен» кездеседі. Көкшетаулық команда сенсациялық нәтижелерден кейін үздік үштіктегі орнын сақтап қалуды көздеп отыр.
Турдың орталық матчтарының бірі сенбі күні өтеді. Көш басындағы «Қайрат» өз алаңында «Қайсармен» ойнаса, «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу де жанкүйерлер назарында болмақ. Қазіргі таңда алматылық клуб 25 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді.
Барлық матчтардың тікелей трансляциясы спорт арналары мен KFF League платформасында көрсетіледі.
