Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды •

    «Дипломы бар домбырашымын»: Мөлдір Әуелбекова өзін мақтады (ВИДЕО)

    «Дипломы бар домбырашымын»: Мөлдір Әуелбекова өзін мақтады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі достық пен домбырашылық қыры жайында жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі концерт барысында ән айтып қана қоймай, домбырамен күй орындағанын да атап өтті.

    «Өнерде достық бар. Соның бір көрінісі Ұшқынмен жылдарға созылған шығармашылық достығымыз. Көп әндерімнің авторы өзі. Бүгін концертте әнім де айтылды, домбырамен күй де төгілді»,– дейді ол.

    Әнші өзінің жан-жақты екенін айтып, бір мақтанды. 

    «Көпшілік мені эстрада әншісі ретінде таниды, оған қоса мен дипломы бар домбырашымын. Оны да ұмытпай жүріңіздер. Ұстазым Бақыт Райымбекова домбырамен көрген сайын риза болатыны сөзсіз! Алғыс! «Бесаспап қыз» деген мен ғой»,– деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары  да әншінің көпқырлы өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін арнады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →