Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан

    «Өмірдің сынағы осымен кетсін»: Қарақат Әбілдина ауруханадағы күйеуіне жазба арнады (ВИДЕО)

    «Өмірдің сынағы осымен кетсін»: Қарақат Әбілдина ауруханадағы күйеуіне жазба арнады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлі Болмановнің 62 жасқа толуына орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Өнер иесі жазбасында өмірін киноға теңеп, жұбайына деген шексіз сүйіспеншілігін жеткізген.

    «Менің өмірімдегі ең әдемі кадрлардың бәрінде сіз барсыз. Өміріміздің сценарийін өзіңіз жаздыңыз. Режиссері де өзіңіз болдыңыз. Ал мен сол фильмнің ең бақытты кейіпкеріне айналдым. Біздің өмір — жай ғана бірге өткен уақыт емес. Бұл — жүрекпен жазылған, тағдырмен өрілген үлкен хикая», — деп жазды әнші.

    Сондай-ақ ол отбасылық өмірде түрлі сынақтар болғанын атап өтті.

    «Қуанышы да болды, сағынышы да болды. Шаршаған, алаңдаған сәттер де өтті. Бірақ соның бәрінен бірлік пен адалдықты ту еткен махаббатымыз жеңіп шықты», — деді Қарақат Әбілдина.

    Өнер иесі жуырда Астанадағы концерт алдында болған жағдайдың өздеріне көп нәрсені түсіндіргенін де айтты.

    «Кейде адам жоспарлайды, ал тағдыр бәрін өз уақытында өзгертеді екен. Сол сәтте ең маңыздысы — атақ та, сахна да емес, деннің саулығы, бастың амандығы екенін түсінесің. Сахна күтер, ән де айтылар, концерт те болар. Бүгінгі туған күніңізде өмірдің бар сынағы осымен кетсін деп тілеймін», — деп жазбасын қорытындылады әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →