Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде чемпиондық белбеуге таласпақ Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды «Кенжештің жағдайын сұрадым»: Сәкен Майғазиев әріптесінің денсаулығынан хабар берді Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде чемпиондық белбеуге таласпақ Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды «Кенжештің жағдайын сұрадым»: Сәкен Майғазиев әріптесінің денсаулығынан хабар берді Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды

    «Үлгі алу керек»: Түркістанға келген Ердоған кортежін тоқтатып, халықпен амандасты

    «Үлгі алу керек»: Түркістанға келген Ердоған кортежін тоқтатып, халықпен амандасты

    Фото: Видеодан скрин

    Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанға сапары кезінде кортежін тоқтатып, жол бойындағы жергілікті тұрғындармен амандасты, деп хабарлайды  qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада мемлекет басшысы халықпен амандасып, жылы жүзбен әңгімелескені көрінеді. Сондай-ақ, тұрғындардың ықыласына ризашылығын білдіріп, сый-құрметін көрсетті.

    Көпшілік Ердоғанның қарапайымдылығы мен халыққа жақындығына тәнті болып, оның бұл әрекеті желіде жылы қызу талқыға түсті.

    Пікір жазғандардың бірі оны «қарапайым әрі кішіпейіл көшбасшы» деп бағаласа, енді бірі Түркістан халқына көрсеткен құрметін ерекше атап өтті.

    «Бізде тоқтау түгіл, терезеге де қарамайды ғой», «Керемет көрініс», «Недеген қарапайымдылық», «Үлгі алу керек», «Түркістанның киелі топырағын, тұрғынын сыйлап тұр», «Бауырмалдығынан айналдық», «Кімдер тұрса да тоқтағанына ризамыз»,– деп жазды көпшілік.

    Айта кетейік, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →