Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Тоқаев пен Ердоған бизнес-форумда: Қазақстан түрік компанияларына қолдау көрсетеді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түркия бизнес-форумында еліміздің түрік компанияларына жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

    Тоқаев пен Ердоған бизнес-форумда: Қазақстан түрік компанияларына қолдау көрсетеді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес-форумына қатысты. Іс-шарада сөз алған Қазақстан Президенті форумның тиімділігін атап өтіп, түрік компанияларына еліміз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 3 800-ге жуық кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бірлескен күш-жігердің арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылған. Инвестиция көлемін арттыру үшін өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты тереңдету маңызды екенін атап өткен Президент, бұл істе Қазақстан мен Түркия арасындағы Үкіметаралық комиссия ерекше рөл атқаруы тиіс екенін айтты.

    Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі экономика. Өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімінің өсімі 6,5%-ды құрап, 300 миллиард доллардан асқан. Тоқаев бұл көрсеткіш ішкі нарықтың тұрақтылығы мен зор әлеуетін дәлелдейтінін және Қазақстан бұл қарқынды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

    Президент Қазақстанның білім, ғылым және инновацияны дамытуға басымдық беретінін де тілге тиек етті. Сонымен қатар елімізде өткен референдум мен жаңа Конституцияға сәйкес меншіктің барлық түріне кепілдік берілетінін, ал негізгі заң инвесторлардың құқығын сенімді қорғайтынын еске салды. «Конституцияда бекітілген «Заң және Тәртіп» қағидатына сәйкес, барлық азамат заң алдында тең. Алайда шетелдік және отандық кәсіпкерлер де біздің заңнамамызды бұзбауы тиіс», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →