Фото: Астана ФК
Астана футбол клубының ойыншысы Иван Башич Босния және Герцоговина құрамасы сапында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы ұлттық құрамаға шақырту алған. Босния және Герцоговина құрамасы топтық кезеңде Канада, Швейцария және Қатар құрамаларымен ойнайды.
Иван Башич КПЛ тарихында әлем чемпионатына қатысатын алғашқы ойыншы атанбақ.
Иван Башич 2002 жылы дүниеге келген. Ол Боснияның Зриньски клубының түлегі. Бұған дейін Ресей чемпионатында Оренбург сапында өнер көрсеткен.
Футболшы 2023 жылдан бері Босния және Герцоговина құрамасында ойнап келеді.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Турнирге алғаш рет 48 құрама қатысады.
