«Жылап отырмын»: Әнші Луина сүйінші жаңалығын жария етті

Фото: instagram.com/luinaofficial

Танымал қазақстандық әнші Луина екінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Stan.kz мәліметінше, әнші сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Кадрларда өнер иесі алдымен “Рақмет” әнін орындап, артынан жүкті екенін көрсетеді. Сондай-ақ видеода оның жары мен ұлы көрінеді.

“+1”, – деп жазған ол жазбасында.

Өнер иесінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны жарыса құттықтап, сәбиін аман-есен бауырына басуын тілеп жатыр.

“Өте қатты қуаныштымын, жылап отырмын”, “Сіз үшін қуаныштымын”, “Біз сені күтемін, біздің кішкентай балапан”, “Жүктілігіңіз жайлы әрі жеңіл өтсін, отбасыңызға бақыт тілеймін”, “Керемет”, – деп жазған олар.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика