Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді •

    Оралдағы шұжық цехында жұмысшы қаза тапты

    Оралдағы шұжық цехында жұмысшы қаза тапты

    Фото: Pixabay

    Оралда 23 қаңтарда шыжық дайындайтын цехта адам өліміне әкелген жазатайым оқиға бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды turkystan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Комиссияның мәліметінше, жұмысшы өндірістік жабдықтың тостағанын оны электр желісінен ажыратпай тазалай бастаған. Сол сәтте фарш түсіргіш өздігінен төмен түсіп, ер адамға өлімге әкелген жарақат салған.

    БҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Арман Түйгінбетовтің айтуынша, оқиға өндірістік жазатайым жағдай ретінде танылған. Бұл ретте жауапкершілік жұмыс беруші мен қаза тапқан қызметкер арасында бөлінген — тиісінше 70% және 30%.

    Тексеру барысында мамандар кәсіпорында бірқатар елеулі заңбұзушылықтарды анықтады. Олардың қатарында жабдықтың техникалық жағдайына бақылаудың жеткіліксіздігі, кәсіби тәуекелдерді бағалаудың болмауы, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және қызметкерлерді даярлаудың төмен деңгейі бар. Сондай-ақ куттердің техникалық талаптарға сәйкестігін міндетті түрде растау құжатынсыз пайдаланылғаны анықталды.

    Тергеу барысында жабдықта ақау белгілері болғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, фарш түсіргіш өздігінен төмен түсуі мүмкін болған, бұл техникалық қызмет көрсетудің тиісті деңгейде жүргізілмегенін және қауіпсіздікке ішкі бақылаудың әлсіздігін көрсетеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →