Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Мұғалімдердің 70%-ы әлі дайын емес: министр ЖИ-сыз білім беру тоқырайды деді

    Мұғалімдердің 70%-ы әлі дайын емес: министр ЖИ-сыз білім беру тоқырайды деді
    Фото: qazaqtv.com

    Қазақстанда мұғалімдердің басым бөлігі әлі күнге дейін жасанды интеллект құралдарын толық қолданбай отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқытушылардың шамамен 70 пайызын AI дағдыларына қайта оқыту қажет екені анықталған. Ал небәрі 32 пайызы ғана жасанды интеллект құралдарын тұрақты пайдаланады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Министр бұл жағдайды «білім жүйесіндегі ең үлкен әлсіз тұс» деп атады. Сондықтан бірінші мақсат – барлық мұғалімге жаппай AI бойынша базалық білім беру. Жоба аясында ешкім шет қалмайды, 100 пайыз қамту көзделген.

    Екінші бағыт – оқытушылардың жұмысын жеңілдету. Ол үшін ChatGPT Education секілді виртуалды ассистенттер енгізілмек. Бұл жүйе үй тапсырмаларын тексеру, мәтіндерді талдау және студенттердің жұмысты өздері жазды ма, әлде AI қолданды ма – соны анықтауға көмектеседі.

    Министрдің сөзінше, бұл қадамдар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, мұғалімдердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →