«Балдызын мамырда өлтірген»: Атырауда жоғалған отбасы жайлы тың дерек шықты

Фото: видеодан скрин

Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысты тың дерек айтылды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап. 

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қанды қылмыс бір уақытта болмаған. Алғашқы және кейінгі қылмыс эпизодтарының арасында бірнеше ай уақыт өткені белгілі болды. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев өзінің балдызы Наурыз Мұқанғалиевті мамыр айында, ал қалған үш адамды қараша айында өлтірген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысты марқұмдардың күйеубаласы жалғыз өзі жасаған. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сәрсемалиев ақыл-есі түзу деп танылды.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика