Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады •

    Әлем кубогы: Бүгін үш қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

    Әлем кубогы: Бүгін үш қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

    Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 23 сәуірде ел құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

    Күндізгі сессия

    65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Хуго Грау (Франция)

    51 келі. Алуа Балқыбекова — Златислава Чуканова (Болгария)

    Кешкі сессия

    65 келі. Аида Әбікеева — Виктори Жилкова (Чехия).

    Айта кетсек, Виктория Графеева (60 келі), Даниал Сәбит (50 келі), Диас Молжігітов, Фарух Тоқтасынов (70 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

    Ел құрамасынан 22 сәуірде әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева 1/8 финалда Емили Рзаевамен (Әзербайжан) жолығып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

    Ал Даниал Сәбит (50 келі) 1/8 финалда Мажарстан өкілі Иштван Шзаканы 3:2 есебімен тізе бүктірді.

    Сондай-ақ ел құрамасынан Диас Молжігітов аустралиялық Марлон Севехонды 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті.

    Ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (54 келі) қарсыластарына есе жіберді.

    Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00-де басталады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →